Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде күн суытып, жаңбыр жаууы ықтимал
Жарияланған күні:

25 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкентте күн қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Алматыда күн бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 24 градусқа дейін көтеріліп, түнде 13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 2,9 м/с.
Астанада аздаған жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз ауа температурасы 15 градусқа дейін көтеріліп, түнде 11 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,8 м/с.
Шымкентте бүгін күн ашық болады. Күндіз термометр бағанасы 27 градусқа дейін жетіп, түнде 14 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы – 3,9 м/с.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2433039-bugin-qazaqstan-megapolisterining-birinde-kun-suytyp-zhangbyr-zhauuy-yqtimal/
