Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Бас прокуратура жаңа iPhone үлгісін алдын ала тапсырыспен алдыруға қатысты шұғыл үндеу жасады

    Iphone18
    Iphone18. Көрнекі фото: Georgeclerk/Getty Images

    Бас прокуратура қазақстандықтарға iPhone 18 телефондарына алдын ала тапсырыс беруде жаңа алаяқтық схема пайда болғанын ескертті. Ведомство өкілдері ел тұрғындарына аталған схеманы егжей-тегжей айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.

    Бас прокуратураның шетелдік дереккөздерге сүйеніп мәлімдеуінше, алаяқтар пайдаланушылардың жаңа смартфон моделіне деген қызығушылығын пайдаланып, оларға алдын ала тапсырыс беру туралы жалған хабарламалар мен ұсыныстар жіберуде.

    Схема қалай жұмыс істейді

    • Бірінші жағдайда алаяқтар Apple компаниясының атынан iPhone 18 смартфонына алдын ала тапсырыс берілгені туралы жалған хабарлама жібереді.

    Одан бас тарту үшін "қолдау қызметіне" қоңырау шалуды ұсынады.

    Шын мәнінде көрсетілген нөмір алаяқтарға апарады, олар сатып алудан бас тартуды сылтау етіп, құпия мәліметтерді алдап алуға және адамды өз нұсқауларын орындауға көндіруге тырысады.

    • Екінші жағдайда пайдаланушыларға жылдам жеткізу кепілдігімен тиімді бағада смартфонды брондау ұсынылады. Тапсырысты рәсімдеуге арналған сілтеме банк картасының деректері, құпия сөздер және басқа да құпия ақпарат сұралатын жалған сайтқа апарады. Алынған мәліметтер есептік жазбаларға және банктік сервистерге кіру, сондай-ақ ақшалай қаражатты ұрлау үшін пайдаланылуы мүмкін.

    Басты қулық – адамды асығыс әрекет етуге мәжбүрлеу: бейтаныс тапсырыстан қорқу немесе тиімді ұсынысты жіберіп алудан қауіптену.

    Мұндай алаяқтықтан сақтанудың жолдары:

    • күмәнді хабарламалардағы сілтемелерге өтпеңіз және нөмірлерге қоңырау шалмаңыз;
    • құпия сөздерді, PIN-кодтарды, банк карталарының CVV-кодтарын және SMS арқылы келетін растау кодтарын хабарламаңыз;
    • бейтаныс адамдардың өтініші бойынша қосымшаларды орнатпаңыз және құрылғыңызға кіруге рұқсат бермеңіз;
    • сайттың түпнұсқалығына және сатушының сенімділігіне көз жеткізбейінше алдын ала төлем жасамаңыз;
    • тапсырыстар туралы ақпаратты сатушының ресми сайты немесе қосымшасы арқылы өзіңізашып тексеріңіз. Егер сіз карта деректерін беріп қойсаңыз немесе күмәнді қаражат есептен шығарылғанын байқасаңыз, дереу банкпен хабарласыңыз, картаны бұғаттаңыз және болған оқиға туралы полицияға хабарлаңыз.
    Бас прокуратура жаңа iPhone үлгісін алдын ала тапсырыспен алдыруға қатысты шұғыл үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram