Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Almaty Marathon: жексенбіде қай көшелер жабылады

    Марафон қатысушылары
    Марафон қатысушылары. Иллюстрациялық фото: pixabay.com

    Алматы әкімдігі 27 қыркүйек, жексенбіде өтетін Almaty Marathon-ға байланысты қай көшелер жабылатынын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Атап айтқанда, 27 қыркүйек сағат 06:00-ден 13:30-ға дейін марафон өтетін жол учаскелерінде қозғалыс ішінара шектеледі. Жолдар қатысушылардың өтуіне қарай кезең-кезеңімен ашылады.

    Марафон Абай алаңынан бастау алады. Осыған байланысты Достық даңғылының Сәтпаев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі бөлігінде екі бағытта да қозғалыс 26 қыркүйек сағат 20:00-ден 27 қыркүйек сағат 13:00-ге дейін жабылады. Абай даңғылының Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігі 26 қыркүйек сағат 15:00-ден 27 қыркүйек сағат 15:00-ге дейін жабық болады.

    Мәре – Республика алаңында. Сәтпаев көшесінің Желтоқсан көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігінде екі бағытта да қозғалыс 26 қыркүйек сағат 06:00-ден 28 қыркүйек сағат 00:00-ге дейін шектеледі. Сондай-ақ Желтоқсан көшесінің Абай даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейінгі бөлігі 26 қыркүйек сағат 20:00-ден 27 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін жабық тұрады.

    Абай даңғылының Момышұлы көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі бөлігінде солтүстік бағыттағы қозғалыс сағат 06:00-ден 09:15-ке дейін жабылады. Баламалы жол ретінде әл-Фараби даңғылымен екі бағытта да жүруге болады.

    Абай даңғылының Сейфуллин даңғылынан Момышұлы көшесіне дейінгі бөлігінде оңтүстік бағыттағы қозғалыс сағат 08:00-ден 10:35-ке дейін жабылады. Баламалы жол ретінде әл-Фараби даңғылымен екі бағытта да жүруге болады.

    Сәтпаев көшесінің Желтоқсан көшесінен Масанчи көшесіне дейінгі бөлігінде екі бағытта да қозғалыс сағат 08:40-тан 10:55-ке дейін шектеледі. Баламалы жол ретінде Төле би көшесі мен әл-Фараби даңғылын пайдалануға болады.

    Бөгенбай батыр көшесінің Достық даңғылынан Масанчи көшесіне дейінгі бөлігі сағат 08:35-тен 11:15-ке дейін толығымен жабылады. Автокөлік қозғалысы екі бағытта да шектеледі.

    Қабанбай батыр көшесінің Достық даңғылынан Масанчи көшесіне дейінгі бөлігі сағат 08:50-ден 12:00-ге дейін толығымен жабылады. Автокөлік қозғалысы екі бағытта да шектеледі.

    Шевченко көшесінің Достық даңғылынан Мұратбаев көшесіне дейінгі бөлігі сағат 09:05-тен 12:50-ге дейін жабылады. Баламалы жол ретінде әл-Фараби даңғылы мен Төле би көшесін пайдалануға болады.

    Достық даңғылының Құрманғазы көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі бөлігі сағат 08:30-дан 12:50-ге дейін жабылады.

    Құрманғазы көшесінің Достық даңғылынан Мұратбаев көшесіне дейінгі бөлігі сағат 09:25-тен 13:30-ға дейін толығымен жабылады.

    Наурызбай батыр көшесінің Құрманғазы көшесінен Абай даңғылына дейінгі бөлігі сағат 09:35-тен 13:30-ға дейін толығымен жабылады.

    Абай даңғылының Сейфуллин даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігі сағат 06:00-ден 13:30-ға дейін толығымен жабылады.

    Жолдардың жабылу кестесі қатысушылардың маршрут бойынша жүру уақыты есепке алына отырып жасалды.

    Жүргізушілерге Абай алаңына жету үшін келесі бағыттар ұсынылады:

    • Достық даңғылымен солтүстік бағытта Сәтпаев көшесіне дейін.
    • Достық даңғылымен оңтүстік бағытта Құрманғазы көшесіне дейін.
    • Зенков көшесімен оңтүстік бағытта Құрманғазы көшесіне дейін, одан әрі – жаяу Абай алаңына дейін.
    • Назарбаев даңғылымен солтүстік бағытта Абай даңғылына дейін, одан әрі – жаяу Абай алаңына дейін.
    • Қонаев көшесімен Абай даңғылына дейін.
    • Сондай-ақ метромен "Абай" станциясына дейін жетуге болады.
    Almaty Marathon: жексенбіде қай көшелер жабылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram