Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Мас күйде жүргені үшін кешірім сұрады" : Ақтауда НЗМ мұғалімініне қатысты видео тексеріліп жатыр

    НЗМ мұғалімі
    НЗМ мұғалімі.Видеодан кадр: Lada.kz

    Желіде Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қызметкеріне қатысты делінген видео тарады. Онда педагогтың мас күйде болғаны айтылады. Lada.kz мәліметінше, мектепте тексеру жұмыстары басталды.

    Басылымның мәліметінше, желіде жарияланған видеода Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мұғалімнен неге мектепке мас күйде келгенін сұрайды. Ер адам жауабында "солай болып қалды" деп, өз әрекеті үшін кешірім сұрайды.

    Видео авторларының айтуынша, мұндай жағдай бұған дейін де болған-мыс. Бірде мұғалім балалармен дөрекі сөйлесіп, оларды жанжалға итермелеген деп те айтады олар. Алайда бұл мәліметтер әзірге ресми түрде расталмады.

    Оқиғаға қатысты Ақтаудағы НЗМ басшылығы пікір білдірді.

    "Мектепте ішкі тергеу жүргізілуде. Баяндалған фактілер тексеріліп жатыр. Тексеру аяқталғаннан кейін, егер қызмкеткеріміз заң бұзғаны расталса, Еңбек кодексіне сәйкес шаралар қолданылады. Оның ішінде жұмыстан босатуға дейін баруымыз мүмкін", - деді Ақтаудағы НЗМ директоры Ринат Жұмабаев.

    Жағдайды Маңғыстау облысының білім басқармасы да бақылауға алды. Оқу-ағарту министрлігі жазба шыққаннан кейін өңірлік Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті мән-жайды анықтау үшін НЗМ-ге жүгінгенін хабарлады.

    Ведомство Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымы болып саналатынын және оқу процесін ұйымдастыру мен ішкі бақылауға өздері жауап беретінін атап өтті.

    Егер ақпарат расталса, қызметкердің әрекетіне ғана емес, ішкі бақылау жұмысына, сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздігіне жауапты лауазымды тұлғалардың әрекетіне де баға беріледі.

    Тексеру әлі жалғасуда. Оқиғаға қатысты түпкілікті шешім тексеру аяқталғаннан кейін қабылданады.

    "Мас күйде жүргені үшін кешірім сұрады" : Ақтауда НЗМ мұғалімініне қатысты видео тексеріліп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram