"Жаңбыр, өрт қаупі, жел": сәрсенбіде елімізде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:

Ертең, 23 қыркүйекте елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болуы ықтимал. "Қазгидромет" РМК синоптиктері ескерту жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Қарағанды қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Таңертең және күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматы қаласында және Қонаев қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2431566-zhangbyr-ort-qaupi-zhel-sarsenbide-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/
