Қазақстанның кей қалалары жылу беру маусымына дайын емес: Бектенов әкімдерге тапсырма берді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов үкімет отырысында Қазақстанның қай қалалары жылыту маусымына әлі де дайын емес екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Ерлан Ақкенженов Павлодар облысында жылыту маусымы 14 қыркүйектен басталғанын, ал 1 қазанға дейін ауа райына байланысты солтүстік және шығыс өңірлерде жылу беру басталатынын атап өтті.
"Жалпы барлық өңірде жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында жұмыстар толық аяқталды. Энергия көздерінде жылу беру маусымын бастауға қажетті отын қоры мен жабдықтар дайын", - деді министр.
Ал Семей, Степногорск және Петропавл қалаларында дайындық жұмыстары әлі толық аяқталмаған.
"Министрдің баяндамасында айтылды, бірқатар өңірде жөндеу жұмыстары толық аяқталмаған. Аталған өңір әкімдері жылу беру мәселесін тікелей бақылауға алсын. Семей, Степногорск және Петропавл қалаларында жылу жүйесін іске қосуға баса назар аудару қажет", - деді Олжас Бектенов.
Жылу беру маусымы бойынша бақылау мен үйлестіру мәселелері премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2431131-qazaqstannyng-kei-qalalary-zhylu-beru-mausymyna-daiyn-emes-bektenov-akimderge-tapsyrma-berdi/
