18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Екібастұзда велосипед мінген алты жастағы баланы көлік қағып мерт қылды

    Велосипед дөңгелегі
    Велосипед дөңгелегі. Иллюстрациялық фото: pxhere.com

    Екібастұзда бір отбасы қара жамылды. Велосипед мінген алты жастағы баланы көлік қағып, бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы жағдай көпқабатты үйдің ауласындағы жасанды жол кедергісінің алдында болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Куәгерлердің айтуынша, көлікте екі қыз отырған. Автомобиль жылдамдықпен келіп, баланы қатты соққан. Бүлдіршін көліктің астында қалып қойыпты. Жедел жәрдем мен полицияны жүргізушінің өзі шақырған. Биыл бірінші сыныпқа барған оқушының қазасына қатысты тергеу жүріп жатыр.

    Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Жүргізуші ұсталып, полицияға жеткізілді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Тергеу Полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп пікір білдірді Екібастұз қаласы ПД бастығының орынбасары Қанат Кәрімжанов.

    Дереккөз: КТК телеарнасы.

    Екібастұзда велосипед мінген алты жастағы баланы көлік қағып мерт қылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram