ШҚО-да 36 жүргізуші өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды
Жарияланған күні:

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан облысында жүргізуші куәлігінен айырылған 56 адамның қайтадан мас күйінде көлік тізгіндегені анықталды, деп хабарлайды Bizdiң Өskemen.
Аталған заңбұзушылықтар бойынша қылмыстық істер қозғалды. Оның ішінде 36 қылмыстық іс бойынша сот айыптау үкімдерін шығарды. Жүргізушілер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылды.
Мұндай құқық бұзушылық үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабында жауапкершілік көзделген. Заң бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған адамның мас күйінде көлік тізгіндегені үшін жаза белгілейді.
"Бұл талаптар тек автокөліктерге ғана қатысты емес. 2025 жылғы 5 сәуірден бастап мопедтер механикалық көлік құралдары санатына жатқызылып, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады. Сондықтан мопед тізгіндеген азаматтарға да мас күйінде жүруге байланысты заңнамада көзделген жауапкершілік қолданылады", – деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.
Жүргізуші куәлігінен айырылғаннан кейін мас күйінде қайтадан көлік тізгіндеу қылмыстық жауапкершілікке және көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылуға әкеп соғуы мүмкін.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2429907-shqo-da-36-zhurgizushi-omir-boiyna-kolik-zhurgizu-quqygynan-aiyryldy/
