Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматы облысында жоғалған 17 жастағы қыз аман-есен Қарағандыдан табылды

    Телефон ұстаған жасөспірім қыз
    Телефон ұстаған жасөспірім қыз. Иллюстрациялық фото: exels.com

    Алматы облысында бір жарым ай бұрын ұшты-күйлі жоғалған 17 жастағы қыз аман-есен табылды. Ата-анасы шырт ұйқыда жатқанда үйінен қашып кеткен жасөспірім Қарағандыдан бір-ақ шыққан, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

    Анасының сөзінше, Ясминаның өзі әкесіне хабарласыпты. Ол жалдамалы пәтерде тұрып келген. Қарағандыдағы жеке балабақшалардың біріне жұмысқа орналасып алыпты. Іздеуде жүргенін білген бойда, мекеме басшысы да полицияға бірден хабар берген.

    Еске салайық, 17 жастағы жасөспірім бір жарым ай бұрын үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Көз жазып қалған жақындары дереу полицияға хабарласады. Осыдан кейін іздеу жұмысы басталған. Өзге өңірден табылған жасөспірім әзірге бейімдеу орталығында.

    "Бұрын Алматы қаласында із-түзсіз жоғалғандар санатында болған 2009 жылғы қыз табылды.  Оған іздеу жарияланған, яғни Алматы полиция департаментіне хабарлама берілді. Қазір кәмелетке толмаған бойжеткен уақытша бейімдеу орталығына орналастырылды.

    Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп пікір білдірді Қарағанды облысы ПД ресми өкілі Бақытжан Құдияров.

    Дереккөз: КТК телеарнасы.

    Алматы облысында жоғалған 17 жастағы қыз аман-есен Қарағандыдан табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram