Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астана тұрғыны балмұздақ жасаймын деп саусағынан айырылып қала жаздады

    құтқарушылар
    Құтқарушылар саусақты босатты. Видеодан кадр: ТЖМ баспасөз қызметі

    Астанада құтқарушылар қыздың саусағын балмұздақ жасайтын аппараттан босатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    "112" пультіне Нұра ауданында Төле би даңғылы бойында қыздың саусағы балмұздақ жасайтын аппаратқа қысылып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

    ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына жетіп, электр құралдарының көмегімен аппараттың құрылымын кесіп, қыздың саусағын босатты. Оған медициналық көмек қажет болмады.

    Қыз зардап шеккен жоқ.

    Астана тұрғыны балмұздақ жасаймын деп саусағынан айырылып қала жаздады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram