Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    БАҚ: Үндістанда бес ай бұрын ұсталған танкерде Қазақстан азаматы қалып қойды

    Мұнай танкері
    Мұнай танкері. Көрнекі сурет: Barry Iverson/Getty Images

    Үндістанда бес айға жуық уақыт бұрын ұсталған кемеде Қазақстан азаматы қалып қойғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап. Жағдайдың егжей-тегжейі Сыртқы істер министрлігінде нақтыланып жатыр.

    Басылымның хабарлауынша, мамыр айында Камерун туы астындағы танкер Үндістанның Парадип портында ұсталған. Кеме жүк тиеу операциялары аяқталғаннан кейін оның иесіне қатысты қаржылық талаптар туындағаннан кейін ұсталып отыр. Қазіргі таңда Орисса штатының Жоғарғы сотында іс қаралып жатыр. Сонымен қатар кеменің жағаға тоқтауына рұқсат берілмей отыр.

    Ресейдің Калькуттадағы Бас консулдығы басылымға тәркіленген Unity мұнай танкеріне жөндеу жұмыстары қажет екенін және кеме сапарын жалғастыра алмайтынын нақтылады

    Кеме бортында 20 Ресей азаматы, сондай-ақ бір Қазақстан азаматы мен екі Египет азаматы бары хабарланды.

    "19 тамызда кемеге азық-түлік пен ауыз судың кезекті қоры жеткізілді, капитанның есебі бойынша, бұл қор қыркүйек айының соңына дейін жетеді", - деп мәлімдеді дипломатиялық өкілдік.

    Қазақстан азаматының танкерде бар-жоғын анықтау үшін NUR.KZ тілшісі Қазақстан СІМ баспасөз қызметіне сауал жолдады. Министрлік өкілдері ақпаратты кейінірек ұсынатындарын жеткізді.

    БАҚ: Үндістанда бес ай бұрын ұсталған танкерде Қазақстан азаматы қалып қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram