Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстандық әйел Вьетнамға ұшып бара жатқан кезде қол жүгіндегі 3400 долларын ұрлатып алғанын айтты (видео)

    жәбірлеунші
    Ақша ұрлатқан адам. Видеодан кадр: instagram.com/anna_magneli

    Жолаушы Air Astana әуе компаниясымен Данангқа ұшып бара жатқан кезде 3400 доллары жоғалғанын айтты. Ол конверттің ішінен өз ақшасының орнына Малави банкноттарын тапқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Air Astana жолаушысы Анна Магнели Instagram желісіндегі парақшасында Тбилисиден Алматы арқылы Данангқа ұшу кезінде 3400 доллары жоғалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қол жүгіндегі конверттің ішінде доллардың орнына Малави банкноттары болған.

    Әйелдің сөзінше, бұл ақша Вьетнамға көшкеннен кейін өмір сүруге арналған. Айта кетейік, конверт жол бойы оның жанында, қол жүгінде болған. Пәтерге орналасқаннан кейін жолаушы конвертті ашып, ішінде доллардың жоқтығын байқаған.

    "Ақша жай ғана жоғалып кеткен жоқ. Конвертті ашып, 3400 долларды алып, орнына басқа банкноттар бумасын салып қойған", - деді ол.

    Конвертте доллардың орнына номиналы 2000 квача болатын Малави банкноттары болған. Бойжеткен ақшаның қай жерде ауысқанын білмейді.

    Air Astana әуе компаниясы жолаушының шағымына қатысты жауап беріп, құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес берді.

    "Әуе компаниясы багажыңызға қатысты орын алған жағымсыз оқиғаға байланысты өкініш білдіреді.

    "Аталған факті бойынша осы әрекетке қатысы бар тұлғаларды анықтау, кінәлілерді жазалау және шығынды өтеу үшін құқық қорғау органдарына арызбен жүгінуіңіз қажет. Жолаушылардың багажынан заттардың ұрлану жағдайларын тергеу құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады. Әуе компаниясының мұндай тергеу жүргізуге өкілеттігі жоқ», - делінген хабарламада.

    Әуе компаниясы қылмыс Қазақстан Республикасынан тыс жерде жасалса, қылмыс жасалған орынды анықтау мүмкін болмаса немесе қылмыс әртүрлі жерлерде жасалса, іс тергеу аяқталған жер бойынша сотта қаралатынын қосты.

    Қазақстандық әйел Вьетнамға ұшып бара жатқан кезде қол жүгіндегі 3400 долларын ұрлатып алғанын айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram