"Мәди Такиевтің лицензиясы": Қаржы министрлігі жалған ақпаратқа қатысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қаржы министрлігі министр Мәди Такиевтің атынан инвестициялық компанияларға лицензия беріліп жатқаны туралы тараған жалған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қаржы министрлігі әлеуметтік желілерде Қазақстанның қаржы министрі Мәди Такиевтің "инвестициялық қызметті жүзеге асыруға лицензия" бергені туралы тарап жатқан ақпаратқа назар аударды.
"Бұл – ақпарат жалған және шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қаржы нарығында брокерлік, дилерлік, инвестициялық немесе өзге де кәсіптік қызметті лицензиялаумен айналыспайды", - деп мәлімдеді ведомство.
Министрлік Қазақстанда белгіленген заңға сәйкес, инвестициялық компаниялардың, брокерлердің, қаржы нарығындағы басқа да кәсіби қатысушылардың қызметін лицензиялауды, тіркеуді және қадағалауды тек уәкілетті мемлекеттік орган жүргізетінін еске салды.
"Қазақстанның қаржы нарығында қызмет ұсынатын кез келген ұйым заңда белгіленген тіркеу рәсімінен өтіп, қолданыстағы тәртіп бойынша тиісті рұқсат алуға міндетті", - делінген хабарламада.
Қаржы министрлігі азаматтарға сақ болып, қырағылық танытуға және қаржы ұйымдарының қаншалықты заң аясында жұмыс істейтінін тек ресми мемлекеттік тізімдер арқылы тексеруге кеңес береді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2428893-madi-takievting-litsenziiasy-qarzhy-ministrligi-zhalgan-aqparatqa-qatysty-qazaqstandyqtarga-undeu-zhasady/
