Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстан электронды кіру рұқсатын енгізуі мүмкін: QazETA жүйесі кімдерге қатысты болады

    Паспорт тексеру аймағы
    Паспорт тексеру аймағы. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов шетелдіктердің Қазақстанға кіруі үшін электронды тіркеуді енгізу жұмыстары қай кезеңде тұрғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жанболат Үсенов QazETA жүйесі Қазақстанмен визасыз режимі бар елдердің азаматтары үшін қолданылатынын атап өтті.

    "Сіз Қазақстан Ресей азаматтары үшін электронды рұқсат сияқты жүйені енгізіп жатыр дедіңіз.

    Жоқ, түзете кетейін, қазіргі уақытта бұл жүйені Қазақстанмен визасыз режимі бар барлық елдің азаматтары үшін енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Тек Ресей Федерациясының азаматтары үшін емес", - деді ол.

    Жүйе осы жылдың соңында немесе келесі жылдың басында іске қосылады деп күтіліп отыр.

    "Бұл жүйені әзірлеумен Ішкі істер министрлігі айналысып жатыр. Тіркеу ақылы бола ма, әлде тегін бола ма, оны айта алмаймын, бұл мәселе бойынша ресми түсініктеме бере алмаймын", - деді спикер.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ІІМ шетелдіктердің Қазақстанға кіру ережелерін өзгертуді ұсынғаны туралы жазған едік.

    Қазақстан электронды кіру рұқсатын енгізуі мүмкін: QazETA жүйесі кімдерге қатысты болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram