Алматының бір бөлігінде ауызсу болмайды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматының Бостандық ауданының тұрғындарына жөндеу жұмыстарына байланысты су беру уақытша тоқтатылатыны ескертілді, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алматы әкімдігінің Telegram-дағы арнасында әл-Фараби даңғылындағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірді жаңғырту жұмыстарына байланысты магистральдық су құбыры қайта төселетіні хабарланды.
Осыған байланысты 18 қыркүйек сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін Тимирязев, Жароков көшелері мен Абай және әл-Фараби даңғылдары шектесетін аумақта су беру уақытша тоқтатылады.
"Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2428521-almatynyng-bir-boliginde-auyzsu-bolmaidy/
