Қазақстандықтар арасында танымал Түркия курортына Алматы мен Астанадан рейстер ашылады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Түркиялық SunExpress әуекомпаниясы Измир мен Астана арасында жаңа бағыт ашып, Алматыдан Измирге рейстер санын көбейтпек, деп хабарлайды Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
SunExpress әуе компаниясы Измир – Астана жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері Boeing 737 әуе кемелерімен орындалады.
Сонымен қатар 25 қазаннан бастап әуекомпаниясы Алматы – Измир қолданыстағы бағыты бойынша рейстер санын аптасына екіден үш рейске дейін арттырады.
Әуе қатынасының ашылуы және рейстер санының артуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтіліп отыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2428452-almaty-men-astanadan-qazaqstandyqtar-arasynda-tanymal-turkiia-kurortyna-reister-ashylady/
