Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Air Astana өкілдері Дубаймен әуе қатынасын қашан қалпына келтіретінін айтты

    Air Astana ұшағы
    Air Astana ұшағы. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Air Astana әуе компаниясы Қазақстан мен Дубай арасындағы әуе қатынасы қашан қалпына келтірілетінін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Air Astana мәліметіне сүйенсек, 2026 жылғы 1 қазаннан бастап Алматы - Дубай - Алматы және 2026 жылғы 2 қазаннан бастап Астана - Дубай - Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстер қалпына келеді.

    Әуе компаниясы өкілдері қазанда ұшу жиілігі біртіндеп ұлғаятынын айтады:

    • Алматы - Дубай - Алматы бағытында 4 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 12 рейске дейін;
    • Астана - Дубай - Астана бағытында 3 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 10 рейске дейін.

    Алайда Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайды бақылауда ұстап отырғанын және қажет болғанда ұшу кестесін түзетуі мүмкін екенін ескертті. Компания өкілдері өзгерістер туралы жолаушыларды ертерек хабардар етуге уәде берді.

    Air Astana өкілдері Дубаймен әуе қатынасын қашан қалпына келтіретінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram