Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астанада "жаңа вирус" тарады ма: Денсаулық сақтау басқармасы жауап берді

    Вирус
    Көрнекі сурет: pixabay.com

    Астана тұрғындары әлеуметтік желілерде "жаңа вирус" тарағанын айтып, бір-біріне ұқсас белгілер байқалып жатқанын жазып жатыр. Осыған байланысты Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәселенің мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды kazinform.

    Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта тыныс жолдары ауруларының әдеттен тыс немесе ауыр өту белгілері байқалмайды.

    "Көп жағдайда ауру ЖРВИ-дің әдеттегі клиникалық көрінісі шеңберінде өтеді. Сонымен қатар кейбір науқастар инфекцияны ауырлау сезінуі мүмкін. Бұл әсіресе созылмалы аурулары, иммунитеті төмен және басқа да қауіп факторлары бар адамдарға қатысты", — деп хабарлады басқарма.

    Басқарманың баспасөз қызметінің мәліметінше, Астанада ЖРВИ белгілерімен медициналық көмекке жүгінгендер саны өскен.

    Ведомствоның дерегіне сәйкес, 2026 жылғы 4-10 қыркүйек аралығында елордада 3354-ке жуық ЖРВИ жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31%-ға аз. Былтыр осы аралықта 4638 жағдай тіркелген.

    Астанада "жаңа вирус" тарады ма: Денсаулық сақтау басқармасы жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram