Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанда call-орталықтардан түсетін қоңыраулар таңбаланады: жаңашылдық қашан енгізіледі

    Смартфон ұстаған ер адам
    Смартфон ұстаған ер адам. Иллюстрациялық фото: Anita Kot/Getty Images

    Үкіметте өткен брифингте Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің өкілі заңды тұлғалардан түсетін қоңырауларды таңбалау жүйесін енгізу қай кезеңде тұрғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Бізде call-орталықтардан түсетін қоңырауларды міндетті түрде таңбалауды көздейтін заңнамалық түзетулер қабылданды. Бұл түзетулердің бірқатары қазірдің өзінде күшіне енді. Қазір біздің министрлікте байланыс қызметтерін көрсету қағидалары әзірленіп, келісілу үстінде, онда белгілі бір ережелер бекітіледі.

    Операторлардан ресми өтініш түсті. Олар жаңашылдықты 2027 жылдың бірінші тоқсанынан бастап енгізуді сұрады. (...) Олардың барлығы қызмет көрсететіндіктен, оның ішінде телефония да бар, бәріне белгілі бір пысықтау жұмыстарын жүргізу қажет. Сондықтан операторлар осындай өтініш білдірді. Қазіргі уақытта қағидалар мемлекеттік органдарда келісілу сатысында тұр.

    Менің ойымша, қазан айының ортасына дейін министрдің бұйрығына қол қойылады, онда мерзімдері де көрсетіледі", - деді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков.

    Қазақстанда call-орталықтардан түсетін қоңыраулар таңбаланады: жаңашылдық қашан енгізіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram