Қазақстанда төртінші ұялы байланыс операторы іске қосыла ма
Жарияланған күні:
Читать на русском
Цифрлық даму министрлігіне қарасты Телекоммуникация комитетінің төрағасы Дамир Сенбеков үкіметте өткен брифингте ұялы байланыс нарығындағы бәсекелестікті дамыту жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Дамир Сенбеков бүгінгі таңда Қазақстанда үш ұялы байланыс операторы бар екенін атап өтті.
"Бұл – халықаралық бенчмарк. Көрші елдерде екіден төртке дейін ұялы байланыс операторы бар. Катарлық инвестордың Tele2 компаниясын сатып алу мәмілесінен кейін үкіметаралық келісімге қол қойылды. Оған сәйкес, біз жыл соңына дейін 5G лицензияларын бере алмаймыз және жаңа ұялы байланыс операторларын іске қоса алмаймыз. Әзірге бұл мәселе талқыланып жатқан жоқ", - деді комитет төрағасы.
Оның айтуынша, бүгінде қазақстандықтарда технологиялар тұрғысынан да (оның ішінде Starlink пен OneWeb бар), ұялы байланыс операторлары тұрғысынан да таңдау мүмкіндігі бар.
"Бізде нарықта үш ұялы байланыс операторы белсенді бәсекелесіп жатыр. Қазіргі уақытта төртінші операторды іске қосу немесе қоспау туралы айту орынсыз. Өйткені бізде белгілі бір шектеулер бар", - деп қосты ол.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2427812-qazaqstanda-tortinshi-uialy-bailanys-operatory-iske-qosyla-ma/
