"Ақыға жеделдетуге уәде береді": Еңбек министрлігі Қазақстанға көшуге ниетті шетелдіктерге ескерту жасады (видео)

    Жолаушы
    Жолаушы. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанға көшуге дайындалып жатқан шетелдіктерге үндеу жасап, заңсыз делдалдар туралы ескертті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Көші-қон комитетіне құжаттарды рәсімдеуді ақылы түрде жеделдетуге, тестілеуден өтуге көмектесуге немесе мемлекеттік қызметтерді алуға ықпал етуге уәде беретін делдалдар туралы өтініштер түсіп жатыр.

    "Ресми түрде ескертеміз: мұндай уәделерге сенбеңіздер.

    Бұл бағыттағы мемлекеттік қызметтер белгіленген тәртіппен көрсетіледі. Тестілеу нәтижелерін немесе құжаттарды қарау нәтижесін қандай да бір ақы үшін өзгертуге болмайды", - деп мәлімдеді ведомство.

    Министрлік шетелдіктерді бейтаныс делдалдарға ақша бермеуге және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Еңбек министрлігі қандас мәртебесін немесе Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алуды жоспарлап отырған жандар үшін маңызды ақпарат жариялаған еді.

    "Ақыға жеделдетуге уәде береді": Еңбек министрлігі Қазақстанға көшуге ниетті шетелдіктерге ескерту жасады (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram