"ICE үш баланың анасын ұстады": СІМ АҚШ-та қазақстандық әйелдің ұсталғаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр
Жарияланған күні:
Читать на русском
Әлеуметтік желілерде АҚШ-та қазақстандық әйелді ICE қызметкерлері ұстағаны туралы ақпарат тарады. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бұл деректі тексеріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Instagram әлеуметтік желісінің salty_sssalt есімді қолданушысы АҚШ-та қазақстандық әйелдің ұсталғаны туралы жазба жариялады.
"12 қыркүйекте біздің құрбымызды, үш баланың анасын ICE ұстады", - делінген жарияланымда.
Жазбада оның не себепті ұсталғаны туралы қандай да бір егжей-тегжейлі мәлімет жоқ.
NUR.KZ тілшісі Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне хабарласты. Ведомство ақпаратты әзірге растаған жоқ және оны тексеріп жатқанын хабарлады.
ICE сайтының мәліметінше, АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік қызметі (ICE) иммиграциялық заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ олардың жұмысы адамдар мен тауарлардың заңсыз тасымалына қарсы күреске және терроризмнің алдын алуға бағытталған. Мекеме АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігіне тікелей бағынады әрі көбіне АҚШ-тың Кеден және шекара қызметімен (CBP) бірлесіп жұмыс істейді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
