70 жастағы апа 30 келілік қойды 40 рет көтеріп, көпшілікті тәнті етті (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
ШҚО-ның Қасым Қайсенов кентінде өткен заманауи көшпенділердің Nomad Alemi фестивалінде 70 жастағы зейнеткер 30 келілік қойды 40 рет көтеріп, жұрттың ықыласына бөленді, деп хабарлайды YK-news.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның жазуынша, заманауи көшпенділердің Nomad Alemi фестивалінің спорттық бөлігінде қатысушыларға алты түрлі сайыста өз бақтарын сынау ұсынылған. Олардың көбі көшпенділердің дәстүрлі мәдениетінен бастау алады.
Арқан тарту, дәстүрлі садақ ату, ләңгі тебу, қой макетін көтеру, белбеу күресі және асық атудан сынға түскен тұрғындар фестиваль алаңын үлкен спорт аренасына айналдырған. Бұл сында балалар, жастар мен қарттар қатар өнер көрсеткен.
Әсіресе, салмағы 30 келілік қой макетін көтеріп отырып-тұру сайысы қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырған. Бұл сынақ күрделі болғанымен, жас мөлшері қатысушылар үшін кедергі болмаған.
Сайыстың нағыз жұлдызы 70 жастағы зейнеткер апа болды. Ол 30 келілік макетті 40 рет көтеріп, көрермендерді ғана емес қатысушыларды да таңғалдырған.
Жалпы алғанда, фестиваль аясындағы спорттық жарыстарға екі мыңнан астам адам қатысқан.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2427197-70-zhastagy-apa-30-kelilik-qoidy-40-ret-koterip-kopshilikti-tanti-etti-video/
