Алматы маңындағы тауда жеті оқушы мен екі мұғалім адасып кетті: құтқарушылар оларды тікұшақпен іздеді
Жарияланған күні:

Алматы облысында шатқалда тоғыз адам адасып кеткен. Олардың екеуі – мұғалім, қалған жетеуі – оқушы. Құтқарушылар оларды тікұшақпен іздеп тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ мәліметінше, Қарасай ауданындағы Известковое шатқалында адасып кеткен тоғыз адамнан тұратын топты іздеу жұмыстары жүргізілді.
Оқиға орнында ТЖД жедел штабы ұйымдастырылды. Іздеу-құтқару жұмыстарына Алматы облысы ТЖД, ТЖМ Республикалық "Барыс" құтқару қызметінің құтқарушылары, полиция және жедел медициналық жәрдем қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер қатысты.
Жергілікті жерді барлау үшін жылу түсіргіші бар ұшқышсыз ұшу аппараты және тікұшақ қолданылды.
"Таңертең топ тікұшақтан әуеден байқалды. Құтқарушылар оларға жетіп, қауіпсіз жерге – автотұраққа дейін алып шықты", - делінген хабарламада.
Оқушылар ата-аналарына тапсырылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2426643-almaty-mangyndagy-tauda-zheti-oqushy-men-eki-mugalim-adasyp-ketti-qutqarushylar-olardy-tikushaqpen-izdedi/
