Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қарағандыда бағана орнату үшін қазылған шұңқырға бала түсіп кетті (видео)

    шұңқыр
    Шұңқыр. Видеодан кадр: Қарағанды ТЖД

    Қарағандыдағы тұрғын үйлердің бірінің жанында қазылған шұңқырға бүлдіршін құлап түсті. Құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

    Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданындағы Чайкина көшесінде тұрғын үйдің маңында бағана орнату үшін қазылған шұңқырға 2025 жылы туған бала құлап кеткен.

    Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері баланы шұңқырдан алып шығып, анасына аман-есен тапсырды.

    Баланы әрі қарай тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

    Қарағандыда бағана орнату үшін қазылған шұңқырға бала түсіп кетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram