"Дауыл тұрып, жаңбыр жауады": сенбіде ел өңірлерінде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:

Ертең, 12 қыркүйекте еліміздің бірнеше өңірінде жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Кей өңірлерде дауыл тұрып, ауа райы бұзылады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК синоптиктері.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жезқазғанда жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Қарағандыда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық. 12-14 қыркүйекте облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Талдықорғанда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. 12-14 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбеде күндіз кей уақытта жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі.
Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Петропавлда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі.
Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, облыстың шығысында кей уақыттарда 25 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматыда оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Астанада кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2426490-dauyl-turyp-zhangbyr-zhauady-senbide-el-ongirlerinde-aua-raiy-qandai-bolady/
