Алматы облысындағы қоқыс полигонында өрт шықты
Жарияланған күні:

Бүгін, 11 қыркүйекте Алматы облысының Жамбыл ауданында, Ұзынағаш ауылынан шығаберісте қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында өрт шықты, деп хабардайды ТЖМ-ның Telegram-арнасындағы ресми арнасында.
Оқиға орнында жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Полигонның жекелеген учаскелерінде қалдықтардың жинақталу тереңдігі 3–5 метрге дейін жетеді. Бұл өртті сөндіру жұмыстарын қиындатып отыр.
"Сумен қамтамасыз ету су жеткізу арқылы жүзеге асырылып жатыр. Өрттің таралуына жол бермеу мақсатында бульдозерлердің көмегімен жанбаған қалдықтарды жанып жатқан учаскелерден оқшаулау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар өрт ошақтарына су құю жұмыстары атқарылып жатыр.
Тиегіштер мен самосвалдардың көмегімен қалдықтарды көшіру және оларды инертті материалдармен жабу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдар және ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінен 33 адам мен 22 техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, өрт 500 шаршы метр аумақта оқшауланды. Оны толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2426463-almaty-oblysyndagy-qoqys-poligonynda-ort-shyqty/
