Home Credit Bank "Мектепке жол" акциясы аясында оқушыларға қолдау көрсетті
Жарияланған күні:

Петропавл қаласында оқушыларға Home Credit Bank тарапынан "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы аясында рюкзактар мен кеңсе тауарлары табысталды, деп хабарлайды Home Credit Bank.
Мұндай бастамалар отбасыларға баланы мектепке дайындауға байланысты шығындардың бір бөлігін өтеуге мүмкіндік береді. Ал балалар үшін бұл – оқуына қажетті заттарды алуға берілген мүмкіндік.
"Біз үшін балалар мен білім беруді нақты бастамалар арқылы қолдау маңызды. Кейде қарапайым әрі дер кезінде көрсетілген көмек отбасы үшін үлкен маңызға ие болуы мүмкін. Балалардың оқуына қажетті барлық заттың болғанына және жаңа оқу жылын жақсы көңіл күймен бастауына өз үлесімізді қоса алғанымызға қуаныштымыз", – дейді Home Credit Bank-тің Петропавл қаласындағы филиалының директоры Еркебұлан Есжанов.
Қайырымдылық бастамалары Home Credit Bank қызмет көрсететін өңірлердегі жұмыстың негізгі бағыттарының бірі болып қала береді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2426373-home-credit-bank-mektepke-zhol-aktsiiasy-aiasynda-oqushylarga-qoldau-korsetti/
