Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкент мектептеріне мемлекеттік сатып алу арқылы 70 балта мен 55 калькулятор сатып алынған

    балта
    Балта. Көрнекі фото: pexels.com

    Шымкент мектептерінде мемлекеттік сатып алуларға, педагогтардың қызметіне және кей отбасының мәртебесіне қатысты бірқатар күмәнді деректер анықталды, деп хабарлайды "Жетінші арна".

    Телеарна мәліметінше, мектеп қызметіндегі қызықты деректер цифрландырудың көмегімен анықталған. Оның бір бөлігі мұғалімдерге қатысты. Мәселен бір мұғалімге 70 сағат жүктеме берілген, ал бір қызметкер бір уақытта екі басшылық қызметті атқарғаны белгілі болды.

    Цифрлық талдау көрсеткендей, мектептердің бірі бюджет қаражаты есебінен 70 балта сатып алған. Алайда бұл құралдардың қандай қажеттілікке алынғаны белгісіз. Сондай-ақ үш бухгалтер үшін 55 калькуляторға тапсырыс берілген.

    Сонымен қатар әлеуметтік көмек алатын кей отбасылардың жеке дүкендері, жер учаскелері және бірнеше автокөлігі бар екені анықталды. Өздерін аз қамтылған отбасы ретінде көрсеткендердің біразы көмек алу құқығын растайтын құжаттарды ұсына алмады.

    Жалпы талдау білім беру саласындағы 12 бағыт бойынша ережелердің сақталмағанын көрсетті.

    "Цифрландыру өте көп көмектесті. Былтыр 10 млрд 200 млн теңге үнемдедік. Бүгінгі таңда шамамен 15 млрд теңге үнемделді. Жыл соңына дейін үнемделген қаражат көлемі одан да арта түседі деп ойлаймын", - деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.

    Шымкент мектептеріне мемлекеттік сатып алу арқылы 70 балта мен 55 калькулятор сатып алынған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram