Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "+37 градус ыстық": жұма күні елімізде ауа райы қандай болады

    ыстық күн
    Күн. Көрнекі фото: pexels.com

    Ертең, 11 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері хабарлады.

    Синоптиктер жұма күні жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін екенін ескертті. Солтүстік-батыста және оңтүстік-батыста нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі.

    Еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстік-шығысында, негізінен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ батыс, солтүстік өңірлерде тұман түседі, солтүстік пен орталық аймақтарда дауыл тұрады, еліміздің оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл соғады деп болжанады.

    Бұдан бөлек республикамыз бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа жел екпінінің күшеюі жатқызылады.

    Алматы облысы мен Жетісу облысында +36...+37°С қатты ыстық болады деп болжанады.

    "+37 градус ыстық": жұма күні елімізде ауа райы қандай болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram