Алматыда үй-жайсыз адамдарды жаппай қайда әкетіп жатыр: полиция мәлімдемесі (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда жыл басынан бері тұрақты мекенжайы жоқ 388 адам "Пана" әлеуметтік бейімдеу орталығына жеткізілді. Оларға тексеру жүргізіліп, көмек көрсетілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алматыда учаскелік полиция инспекторлары белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау бойынша профилактикалық рейдтер өткізуде.
Жыл басынан бері "Пана" әлеуметтік бейімдеу орталығына 388 адам жеткізілді. Оның 54-і одан әрі көмек алу үшін орталықта қалды. Қалғандары тексеру мен алғашқы медициналық қарап-тексеруден кейін ұсынылған көмектен бас тартқан.
Рейд барысында полиция азаматтардың жеке басын анықтап, ақпараттық есептер бойынша тексереді және қажет болған жағдайда тиісті көмекке бағыттайды.
"Учаскелік инспектордың міндеті – көшеде жүрген адамды анықтаумен ғана шектелмейді. Оның жеке басын анықтап, қандай көмекке мұқтаж екенін түсіну және негіз болған жағдайда тиісті қызметтерге бағыттау маңызды. Сонымен қатар қоғамдық қауіпсіздікке төнетін ықтимал қатерлердің алдын алып, құқық бұзушылықтарға дер кезінде тосқауыл қою қажет. Сондықтан мұндай рейдтердің басты мақсаты – профилактика", – деді Тимур Ноғайбаев.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2425311-almatyda-ui-zhaisyz-adamdardy-zhappai-qaida-aketip-zhatyr-politsiia-malimdemesi-video/
