"Мама, папа, мені іздемеңдер": Абай облысында жоғалды деген 9 жасар бала аман-есен табылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Абай облысында із-түзсіз кетті деген 9 жасар бала үйінің ауласындағы шаруашылық құрылысында тығылып қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ведомствоның ресми Telegram-арнасында хабарланғандай, Абай облысында 9 жасар оқушы ата-анасын алдамақ болып, өз үйінің ауласындағы шаруашылық құрылысына жасырынып қалған. Полиция оны іздеу жұмыстары басталғаннан кейін 10 минуттан соң тапты.
️Төртінші сынып оқушысы сағат 13:00 шамасында мектепке кеткен, алайда сабақтан кейін үйіне оралмаған. Анасы ұлын өздігінен іздей бастаған, ақырып шамамен сағат 20:30-да үйдің маңынан "Мама, папа, мені іздемеңдер, бір күні қайтып келемін" деген жазбаны тауып алған.
Туыстары дереу полицияға хабарласқан. Оқиға орнына келген полицейлер бірнеше топқа бөлініп, аулалар мен жақын маңдағы аумақтарды тексеруге кіріскен.
Арада 10 минут өткенде бала өз үйінің ауласындағы шаруашылық құрылыстан өзі шыққан. Белгілі болғандай, ол мектептен кейін үйіне келіп, сол жерге тығылып, ұйықтап қалған. Бала полицей көліктерінің сиренасының дауысынан оянған.
Тоңып қалған әрі қорыққан оқушы бірден анасына барған. Ол ата-анасына "пранк" жасағысы келгенін түсіндірген.
Абай облысы Полиция департаменті ата-аналарды балаларға қауіпсіздік ережелерін үнемі ескертіп, мұндай "әзілдердің" ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін түсіндіруге шақырды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2425281-mama-papa-meni-izdemengder-abai-oblysynda-zhogaldy-degen-9-zhasar-bala-aman-esen-tabyldy/
