Астанадағы жол қиылыстарының бірі бес күнге жабық болады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Астанада Хусейн бен Талал көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы қалалық әкімдікке сілтеме жасап хабарлады.
2026 жылғы 10-15 қыркүйек аралығында Хусейн бен Талал көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысында көлік қозғалысы толықтай жабылатын болады.
Осы учаскеде мердігер ұйым инженерлік желілерді және жол төсемінің негізін орнату жұмыстарын жүргізеді.
"Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген әкімдік хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2425257-astanadagy-zhol-qiylystarynyng-biri-bes-kunge-zhabyq-bolady/
