Атырауда Saraishyq Upgrade 2026 халықаралық жастар форумы басталды

    Saraishyq Upgrade 2026
    Фото: Атырау облысының әкімдігі

    Атырау төрінде креативті жастар мен сарапшылардың басын қосқан дәстүрлі Saraishyq Upgrade 2026 халықаралық жастар форумы басталды. Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан ауқымды шара Infinity Event Hall кешенінде өтуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

    Saraishyq Upgrade 2026
    Фото: Атырау облысының әкімдігі

    Биылғы форумға 4 шет мемлекет Ресей, Өзбекстан, Әзербайжан, Грузиядан және Қазақстанның 15 облысынан 100-ден астам қонақ келді. Жергілікті белсенділермен қосқанда қатысушылардың жалпы саны 300-ден асады.

    Салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов қатысып, жастарға қолдау білдірді.

    "Мемлекет басшысының басты тапсырмасының бірі — креативті индустрияны дамыту. Осы орайда өңірлерде креатив хабтар ашылды. Таланттарды анықтау, олардың жобаларына қолдау жасау бағытында бүгінгі форумның маңызы жоғары",- деді облыс әкімі.

    Saraishyq Upgrade 2026
    Фото: Атырау облысының әкімдігі

    Форум жұмысы заманауи креативті индустрияның 6 негізгі бағыты бойынша өтуде. Кинематография, Маркетинг, Музыка, Event индустрия, Хореография, Жасанды интеллект бойынша сарапшылар келді.

    Форум қатысушыларының бірі Ақтау қаласынан келген Мырзатай Нұрсұлтан жыл сайын бұл форумды жібермей қатысатынын айтты. Осымен ол үшінші рет командасымен келіп кино бағыты бойынша қатысуда.

    Saraishyq Upgrade 2026
    Фото: Атырау облысының әкімдігі

    Екі күнге созылатын бағдарлама аясында пленарлық сессиялар, шеберлік сағаттары мен кейс-стадилер ұйымдастырылған. Сонымен қатар қатысушылар үшін "Хан Ордалы Сарайшық" музей-қорығына тарихи-танымдық экскурсия қарастырылған.

    Saraishyq Upgrade 2026
    Фото: Атырау облысының әкімдігі

    Форумның басты ерекшелігі – жас таланттарды қолдауға бағытталған "Үздік жоба үшін Grant" байқауы. 6 бағыт бойынша үздік шыққан жобалардың әрқайсысына өз идеясын жүзеге асыру үшін 500 000 теңгеден (жалпы гранттық қоры 3 млн теңге) қаржылай сыйақы беріледі. Сондай-ақ қатысушылар арасында креативті мазмұнды бағалайтын "Үздік жарияланымдар" SMM-байқауы өтуде.

    Атырауда Saraishyq Upgrade 2026 халықаралық жастар форумы басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram