Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: синоптиктер алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болатынын айтты

    жаңбыр
    Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: pexels.com

    Синоптиктер 10-12 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің солтүстігінде күн суытады, ал оңтүстігінде жылы ауа райы сақталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

    Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнайды, жел күшейеді және ауа температурасы біртіндеп төмендейді.

    Еліміздің оңтүстік-шығысында 12 қыркүйекте жаңбыр жауады, бірақ жылы ауа райы сақталады. Сонымен қатар батыста циклон өткеннен кейін жауын-шашын азайып, ауа райы біртіндеп тұрақталады.

    Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде ауа температурасы +13+23°С-қа дейін төмендейді. Орталықта көрсеткіш +15+25°С-қа дейін жетеді. Ал батыста ауа температурасы біртіндеп +20+28°С-қа дейін көтеріледі деп болжануда.

    Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: синоптиктер алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram