Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Жаңбыр, найзағай, жел: 8 қыркүйекте елімізде ауа райы қандай болады

    Найзағай
    Найзағай. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Ертең, 9 қыркүйекте Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен бірге кей өңірде бұршақ түсіп, шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.

    Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

    Түркістан облысының батысында, таулы аймақтарында өткінші жаңбыр найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. 09 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 09 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

    Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда жоғары өрт қаупі сақталады.

    Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

    Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

    Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

    Абай облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

    Шығыс Қазақстан облысының шығысында оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

    Қостанай облысының оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

    Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі облыстың оңтүстік-шығысында сақталады, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

    Ақмола облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

    Павлодар облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда жоғары өрт қаупі күтіледі.

    Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда төтенше өрт қаупі сақталады.

    Астанада жоғары өрт қаупі сақталады.

    Жаңбыр, найзағай, жел: 8 қыркүйекте елімізде ауа райы қандай болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram