Қыркүйек пе, әлде қыргүйек пе: оқу-ағарту министрі қай нұсқаны қолданатынын айтты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова үкіметте өткен брифингте тоғызыншы айдың атын дұрыс жазуға қатысты желідегі дауға пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрлігінің бұл жағдайға еш қатысы жоқ екенін атап өтті.
"Бұл – тілде болып жатқан өзгерістер. Дегенмен бұл мәселе мені де қызықтырды. Материалдарды зерттеп шықтым. 80-жылдардан бастап жазу және айту ережелерін өзгерту бойынша талқылау болған екен.
Алайда мен "қыркүйек" деп жазамын. Мен "к" әрпін қолданамын. 80-жылдардың соңында және кейінірек, 2000-жылдары жүргізілген зерттеулер адамдардың 93 пайызы осы нұсқаны жөн көретінін анықтады", - деді министр.
Оның айтуынша, жалпы алғанда екі нұсқаны да қолдануға болады. Олардың ешқайсысын қате деп айтуға болмайды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2424689-qyrkuiek-pe-alde-qyrguiek-pe-oqu-agartu-ministri-qai-nusqany-qoldanatynyn-aitty/
