Қазақстан 12 жылдық білім беру жүйесінен бас тарта ма
Жарияланған күні:
Читать на русском
Оқу-ағарту министрі үкіметте өткен брифингте 12 жылдық білім беру жүйесінен бас тарту жоспары туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Бізде арнайы комиссия құрылды. Бағдарламалардың сәйкестігін қарастырып жатырмыз. Себебі Қазақстанда жаңа Конституцияға сәйкес бірыңғай білім беру стандарты болуға тиіс.
Сондай-ақ біз Назарбаев Зияткерлік мектептерінде (НЗМ) балалардың 88 пайызы 18 жасында мектеп бітіретінін көріп отырмыз. НЗМ-де 10-сыныптан кейін ата-аналар мен оқушылар құжаттарын алып, жалпы білім беретін мектептерге ауысатын үрдіс бар. Сондықтан қазір 12 жылдық білім беру жүйесін қайта қарау қажеттілігі туындап отыр", - деді Жұлдыз Сүлейменова.
Оның айтуынша, барлық бағдарламаны, соның ішінде халықаралық бағдарламаларды да 11 жылдық форматқа көшіру қажет болады.
"Нақты мерзімін бүгін-ертең айта алмаймыз. Жұмыс аяқталған соң хабарлаймыз. Менің ойымша, 2027 жылдың қаңтарында болады", - деді министр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2424644-qazaqstan-12-zhyldyq-bilim-beru-zhuiesinen-bas-tarta-ma/
