Оқулықтарда Астананың атауы әлі күнге дейін Нұр-Сұлтан деп жазылған: қате неге түзетілмеді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Үкіметте өткен брифингте оқу-ағарту министрінен жақында берілген тарих оқулықтарында елорданың әлі күнге дейін Нұр-Сұлтан деп жазылуының себебі сұралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Бұл оқулық (11-сыныпқа арналған – ред.) 2024 жылы жаңартылды. Иә, бұл – қателік. Біз бұл қателіктер туралы баспаларға ескерттік. Оқулықтарды кезең-кезеңімен қайта басып шығарудың қатаң кестесі бар. 11-сыныптың тарих оқулығы келесі жылы қайта басылады. Сондықтан биыл мұғалімдерге осы тақырып бойынша жеке бағдарлама, жеке сабақ жоспарлары мен материалдар беріледі", - деді оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.
Оның айтуынша, бұл ақпарат Экономикалық тергеу департаментіне жолданған. Себебі бұған дейін оқулықтардағы қателіктерді түзетуге қаражат бөлінген, бірақ қателік сол күйі қалған. Әңгіме әртүрлі пән оқулықтарындағы 700 қателік туралы болып отыр.
"Кезең-кезеңімен жұмыс жоспары бар. Осы жоспарға сәйкес баспалар барлық қателікті түзетіп, оқулықтарды қайта басып шығаруда. Олар мұны өз есебінен істеп жатыр", - деп толықтырды сөзін министр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2424629-oqulyqtarda-astananyng-atauy-ali-kunge-deiin-nur-sultan-dep-zhazylgan-qate-nege-tuzetilmedi/
