Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    НЗМ қаржысы қысқара ма: оқу-ағарту министрі мектептердің болашағына қатысты пікір білдірді

    НЗМ. Фото
    НЗМ. Фото: nis.edu.kz

    Оқу-ағарту министрі үкіметте өткен брифингте "Назарбаев Зияткерлік мектептері жабылуы мүмкін" деген қауесетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Журналистер: "мектептерді қаржыландыру қысқарса, келесі жылы қабылданатын оқушы саны азая ма?" - деп сұрады.

    "Қаржыландыру азая ма, жоқ па деген мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Қабылданатын оқушылар санын қысқарту мәселесі де қарастырылып жатқан жоқ. Неге? Өйткені үш жылдық бюджет бекітілген, НЗМ бюджеті 2028 жылға дейін жоспарланған. Сондықтан грант саны немесе оқу орындары қысқарады деген мәселе жоқ", - деді Жұлдыз Сүлейменова.

    Оның айтуынша, ешқандай өзгеріс болмайды.

    "Бәрі бұрынғыдай қалады. Ең бастысы – түлектер саны. Олардың орнына дәл сондай мөлшерде бала қабылданады. Мысалы төрт бітіруші сынып болса, дәл сондай төрт сыныпқа оқушылар қабылданады", - деп түсіндірді министр.

    НЗМ қаржысы қысқара ма: оқу-ағарту министрі мектептердің болашағына қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram