Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Мұғалімдерге жұмыс уақытынан тыс қоңырау шалғандарға айыппұл салына ма: Жұлдыз Сүлейменова жауап берді

    Мужчина держит в руках смартфон
    Смартфон. Фото: Anita Kot/Getty Images

    Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова үкіметте өткен брифингте жұмыс уақытынан тыс кезде мұғалімдерді мазалайтын ата-аналарға қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Журналистер брифингте оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың мұғалімдерге жұмыс уақытынан тыс кезде қоңырау шалу мәселесі регламенттелетінін айтқанын атап өтті.

    Тілшілер министрден ата-аналар мен мұғалімдердің қарым-қатынасына қатысты жаңа ережелерді енгізу және жұмыс уақытынан кейін қоңырау шалған ата-аналарға айыппұл салу мүмкіндігі қаншалықты екенін сұрады.

    "Жоқ, мұндай ата-аналарға айыппұл қарастырылмаған. Ондай жоспар да жоқ", - деді Жұлдыз Сүлейменова.

    Оның айтуынша, мәселе жаңа этикалық нормаларды әзірлеуде. Қоғам мұғалімдерге жұмыс уақытынан кейін қандай сұрақтар бойынша хабарласуға болатынын және қай мәселелерді келесі күнге қалдыруға болатынын түсінуі керек.

    "Мұғалімдер де адам. Олардың жеке уақыты мен жұмыс уақыты бар. Сонымен қатар олар келесі күнге дайындалуы керек. Мен қоғамға мұғалімдердің демалысқа, соның ішінде эмоционалдық тұрғыдан тынығуға мұқтаж екенін жеткізгім келеді.

    Бүгінде Қазақстан мектептерінде 4,1 млн бала оқиды, бізде шамамен 8 млн ата-ана бар, ал мұғалімдердің саны небәрі 420 мың", - деді министр.

    Оқу-ағарту министрі ата-аналар чаттарының жұмысын реттеу қажеттігіне де назар аударды.

    "Біз қазір барлық талқыны жинақтап жатырмыз, пікірлерді көріп отырмыз. Кейбір ата-ана да мұны жақсы түсінеді және қолдайды. Сондықтан бірінші блокта сағат 18:00-ден кейін мұндай чаттарда ештеңе талқымау және жауап бермеу мәселесі болды.

    Қазір бізде екі ауысымды мектептер бар, сабақтар сағат 20:00-де аяқталады. Сондықтан мұнда акценттің ауысып жатқанын көріп отырмыз.

    Дегенмен тағы бір мәселе бар. Ата-аналар қандай сұрақтың шұғыл екенін, қайсысын ата-аналар чатында талқылауға болатынын және нені талқыламау керегін түсінуге тиіс. Мұғалімдер қай чаттарда болуы керек, қайсысында болмауы керек – бұл жерде регламент қажет деп ойлаймын", - деді Сүлейменова.

    Оның сөзінше, ведомство ата-аналар чаттарындағы жұмыс тәсілдерін реттейтін бірыңғай нормаларды әзірлеуге дайын.

    "Уақыты келді, бұлай жалғаса бермейді", - деді Жұлдыз Сүлейменова.

    Мұғалімдерге жұмыс уақытынан тыс қоңырау шалғандарға айыппұл салына ма: Жұлдыз Сүлейменова жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram