БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастау: елімізде жоғары сынып оқушыларын бағалау жүйесі де өзгеруі мүмкін
Жарияланған күні:
Читать на русском
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова үкіметте өткен брифингте мектептің жоғары сынып оқушыларына БЖБ мен ТЖБ-ның қаншалықты тиімді екенін талдау жоспары туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жұлдыз Сүлейменова биылғы оқу жылында бастауыш сынып бағдарламалары мен оқушылардың үлгеріміне толық талдау жасалғанын атап өтті.
"Бағдарламалар, соның ішінде бағалау жүйесі қайта қаралды. Тоқсандық ТЖБ өткізілмейді. Біз оқушылардың күнделікті жауап беруіне негізделген формативтік бағалаудың рөлін арттырамыз. Келесі кезең 5-9 сыныптарда жүзеге асырылады. Бұл жұмыс келесі жылға жоспарланған. Одан кейін 10-11 сыныптардағы бағалау жүйесін де қайта қараймыз", - деді министр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі кейбір сынып оқушыларының білімін тексерудің жаңа тәсілдерін ұсынған еді. Сондай-ақ тамызда ведомство өкілдері бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастау туралы мәселені көтерген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2424577-elimizde-zhogary-synyp-oqushylary-da-bzhb-men-tzhb-tapsyrmauy-mumkin/
