Алматыдағы Тұңғыш президент саябағы уақытша жабық болады (фото)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда Тұңғыш президент саябағы келушілер үшін уақытша жабық болады. Бұған саябақ аумағында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары себеп, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, Алматыда Тұңғыш президент саябағын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін кезеңде саябақ аумағы келушілер үшін толықтай жабылады. Бұл туралы Алматының Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының өкілдері хабарлады.
Саябақта инженерлік және жүргіншілер жолы жаңартылып, аумақты кешенді көркейту мен көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.
Жаңғырту кезінде қала тұрғындары мен қонақтары жақын орналасқан Flow Park демалыс орнында серуендей алады. Оған көршілес аумақтарды жалғайтын жүргіншілер көпірі арқылы өтуге болады.
Жұмыстың аяқталу мерзімі мен саябақтың ашылатын күні туралы қосымша хабарланады. Алматылықтар мен қонақтардан серуенді жоспарлау кезінде уақытша шектеуді ескеру сұралды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2424540-almatydagy-tunggysh-prezident-saiabagy-uaqytsha-zhabyq-bolady-foto/
