Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Алматыдағы Психикалық денсаулық орталығынан пациенттер қашып кетті: полиция мәлімдеме жасады

    Денис Антипин және Нелли Шахрай
    Денис Антипин және Нелли Шахрай. Коллаж: instagram.com/volontery_lider.kz_almobl

    Алматы полициясы Психикалық денсаулық орталығынан қашып кеткен Нелли Шахрай мен Денис Антипинді іздестіріп жатыр. Олар орталықтан бөлек-бөлек қашқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Lider.kz еріктілері Instagram парақшасында Алматыдағы Психикалық денсаулық орталығынан қашқан Денис Антипин мен Нелли Шахрайға қатысты іздеу жариялады.

    Нелли Шахрай 16 сәуір күні сағат 09:00 шамасында Алматының Бостандық ауданындағы Психикалық денсаулық орталығынан шығып кеткені хабарланды.

    "Бойы 167 см, дене бітімі орташа, көзі қоңыр, шашы қою қоңыр түсті, сұрғылт тартқан, ұзын. Бетінде бөртпелер бар. Үстінде қою көк түсті велюр кофта, күлгін түсті шалбар, аяғында көк түсті резеңке тәпішке болған.

    Психикалық ауытқуы бар», - делінген хабарламада.

    Еріктілердің мәліметінше, Денис Антипин аталған Психикалық денсаулық орталығынан 13 мамырда қашып кеткен.

    Ер адамның бойы 180 см, дене бітімі орташа, шашы қою қоңыр түсті, сұрғылт тартқан, көзі қоңыр. Сол көзінің жанында меңі бар. Ол қара түсті жилет, ақ түсті футболка, қара шалбар және қара түсті сланцы киген.

    "Қала және облыс тұрғындарынан іздеудегі адамдардың суретіне мұқият қарап, олардың түрін есте сақтауды сұраймыз. Көшелерге, аулаларға, кіреберістерге, аялдамаларға, базарларға, вокзалдарға, қоғамдық көліктерге және адам көп шоғырланатын басқа да орындарға назар аударыңыздар.

    Ұқсас адамдарды көрген жағдайда, оларды өз бетіңізше ұстауға тырыспаңыз немесе жанжалға бармаңыз. Бұл туралы іздеу парақшасында көрсетілген телефон нөмірлеріне немесе 102 нөмірі бойынша полицияға хабарлаңыз", - делінген еріктілердің хабарламасында.

    Алматы қалалық полиция департаменті KAZ.NUR.KZ тілшісіне әлеуметтік желіде тараған мәліметтер медициналық мекемеден бір уақытта қашпағанын, бір-біріне қатысы жоқ адамдар екенін хабарлады.

    "Ер адам мен әйел медициналық мекемеден бөлек-бөлек шығып кеткен. Олардың бір-біріне қатысы жоқ.

    Екі дерек бойынша да Бостандық аудандық полиция басқармасы іздеу істерін қозғады. Қазіргі уақытта азаматтардың қайда екенін анықтау және оларды медициналық мекемеге қайтару мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді полиция.

    Алматыдағы Психикалық денсаулық орталығынан пациенттер қашып кетті: полиция мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram