Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қарағандыда екі адамды өлтірді деген күдікпен 56 жастағы ер адам ұсталды

    қолы кісендеулі адам
    Қолы кісендеулі адам. Көрнекі фото: Boris Roessler/picture alliance via Getty Images

    Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, 6 қыркүйекте Әлихан Бөкейхан ауданындағы саяжайлардың бірінің аумағынан оқ жарақаттары бар 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

    Аталған екі оқиға бойынша "Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

    "Жедел-іздестіру және тергеу шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікті 56 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді", – деп жауап берді ведомство.

    Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпарат бойынша, қаза тапқан ер адам саяжайлар бірлестігінің төрағасы әрі заңгер, ал әйел жергілікті қоғам қайраткері болған.

    Сондай-ақ жанжалдың туындауына қоғам төрағасы қызметіне байланысты дау себеп болуы мүмкін деп болжайды. Бұл ресми түрде әлі расталмаған.

    Полицияда оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын хабарлады.

    Қарағандыда екі адамды өлтірді деген күдікпен 56 жастағы ер адам ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram