Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Астана әуежайында ақау тіркелді: бұл жайт алдағы рейстерге әсер ете ме

    Әуежай
    Әуежай. Иллюстрациялық фото: Jackyenjoyphotography/Getty Images

    Бүгін, 6 қыркүйекте Астана әуежайы аумағында ұялы байланыс пен интернеттің істен шыққаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бұл жағдай рейстерге әсер ете ме? Әуе айлағының баспасөз қызметі жауап берді.

    Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, ұялы байланыс пен интернеттегі ақаулар "Астана РЭК" тарапындағы кернеудің ауытқуына байланысты туындаған.

    "Бұл ретте әуежайдың барлық негізгі жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бейнебақылау камералары мен навигация құралдары ақаусыз қызмет атқаруда. Ұшақтардың келуі мен кетуі кестеге сай жүзеге асырылуда", - деп сендірді елордалық әуежай өкілдері.

    Ұшу қауіпсіздігіне және әуежай жұмысына ешқандай қауіп жоқ екені алға тартылды.

    Еске салсақ, Астана халықаралық әуежайының басшылығы өткен қаржы жылында миллиардтаған теңге шығын шыққанын мәлімдеген еді.

    Астана әуежайында ақау тіркелді: бұл жайт алдағы рейстерге әсер ете ме

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram