"Жыр жауһары": Ақтөбеде жас ақындардың республикалық поэтикалық дуэлі өтті
Жарияланған күні:

4 қыркүйекте Ақтөбе қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай "Анаға тағзым" ғимаратында республикалық "Жыр жауһары" поэтикалық дуэлі өтті, деп хабарлайды Ақтөбе әкімдігі.
Жыр додасына 10 жас жазба ақын қатысып, өздерінің ақындық шеберліктері мен шығармашылық қарым-қабілеттерін ортаға салды. Байқаудың ерекшелігі – Орал, Алматы және Қызылорда қалаларынан арнайы келген жас ақындардың қатысуы.
Поэтикалық дуэль екі кезеңнен тұрды:
- І кезең – "Жыр жауһары"
Қатысушылар тіл тақырыбында немесе Ақтөбе қаласына арналған бір өлең және еркін тақырыпта бір өлең оқыды. Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған 6 ақын келесі кезеңге жолдама алды.
- ІІ кезең – "Көңіл дәптері"
Бұл кезең нағыз жекпе-жек форматында өтті. Бірінші кезеңнен сүрінбей өткен 6 ақын жеребе арқылы жұптасып, еркін тақырыпта екі өлеңнен оқып, өзара бақ сынады.
Нәтижесінде:
І орын – Піржан Сандыбай (Алматы);
ІІ орын – Тәуекелов Нұрсерік (Ақтөбе) және Санақұл Бексұлтан (Қызылорда);
ІІІ орын – Дәурен Шамұратов (Орал);
Арнайы жүлде – Жанкеева Жанерке (Ақтөбе).
Барлық қатысушыға орталық атынан арнайы алғыс хаттар мен қаржылай сыйақылар табысталды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2424081-zhyr-zhauhary-aqtobede-zhas-aqyndardyng-respublikalyq-poetikalyq-dueli-otti/
