18+
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Әріптесін құтқармақ болған: СҚО-дағы элеваторда жұмысшы қолынан айырылды

    Дәрігер
    Дәрігер. Фото: pexels.com

    Солтүстік Қазақстан облысында элеваторда екі адам зардап шекті. Олардың бірі қолынан айырылған. Оқиғаға қатысты өңірлік полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға туралы ақпарат Halyqstan Telegram-арнасында жарияланды. 43 жастағы жұмысшы аяғынан ауыр жарақат алғаны айтылады. Оның әріптесі көмекке ұмтылған кезде, механизм оны да жарақаттаған.

    Жарияланымда екі зардап шегушінің де ауруханада жатқаны және олардың жағдайы тұрақты ауыр екені жазылған.

    1983 жылы туған жұмысшы ашық сынық алды. Оған ота жасалды.

    Ал оның 41 жастағы әріптесінің оң қолын ампутациялауға тура келген.

    NUR.KZ тілшісіне СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі полиция қызметкерлері СҚО-дағы Дубровное ауылындағы элеватор аумағында екі ер адамның жарақаттануы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

    "3 қыркүйекте астық кептіру жабдығында жұмыс істеу кезінде жұмысшылардың бірі аяғынан жарақат алды. Оған көмек көрсетуге тырысқан екінші жұмысшы да жарақаттанды. Екі зардап шегуші де медициналық мекемеге жеткізілді", - деп хабарлады ведомство.

    Аталған факті бойынша еңбекті қорғау ережелерін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    Әріптесін құтқармақ болған: СҚО-дағы элеваторда жұмысшы қолынан айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram