Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Астанада Е13 және Е14 көшелері маңында көлік қозғалысы толықтай жабылады

    Жол жөндеу белгісі
    Жол жөндеу белгісі. Иллюстрациялық фото: Photothek/Getty Images

    Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты Е13 және Е14 көшелері маңында 5-7 қыркүйек аралығында көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап хабарлады.

    Астана әкімдігінің мәліметінше, Күлтегін көшесінен Е15 көшесіне дейінгі учаскеде суды бұру мақсатында жаңбыр суын қабылдайтын құдықтарды орнату бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі.

    Осыған байланысты биыл 5-7 қыркүйек аралығында схемаға сәйкес аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылатын болады.

    "Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында жол белгілері мен бағыттағыш көрсеткіштер орнатылады", - делінген әкімдік хабарламасында.

    Жол сызбасы
    Жол сызбасы: Астана әкімдігі

    Астанада Е13 және Е14 көшелері маңында көлік қозғалысы толықтай жабылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram