Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Балаңыз дуаланған": ІІМ қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды

    Балгер
    Балгер. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстан Ішкі істер министрлігі тұрғындарды өзін балгер немесе көріпкел ретінде таныстыратын алаяқтардан сақ болуды ескертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

    Министрлік таратқан мәліметке сәйкес, соңғы уақытта интернетте өзін "емші", "көріпкел" немесе "балгер" ретінде таныстырып, азаматтарға "балаңыз қатты дуаланған" деп айтып, оны "емдеп, дуаны қайтаруды" ақылы түрде ұсынатын алаяқтық әрекеттер жиілеген.

    Алаяқтар адамдардың қорқынышы мен алаңдаушылығын пайдаланады. Әдетте олар азаматтармен әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы байланысқа шығып, түрлі "белгілерді" айта бастайды және жағдайдың күрделі екеніне сендіреді. Кейін "ем жүргізу", "дуаны қайтару" немесе "қажетті заттарды сатып алу" сылтауымен ақша аударуды сұрайды.

    Полиция ескертпесі:

    • интернеттегі бейтаныс адамдардың "емдеп жазу", "көз тиюден арылту" туралы уәделеріне сенбеңіз;
    • таныс емес адамдардың есепшоттарына ақша аудармаңыз;
    • жеке деректеріңізді, банк карталарының деректемелерін және SMS арқылы келетін кодтарды ешкімге хабарламаңыз;
    • қорқыныш пен дүрбелеңге бой алдырмай, алынған ақпаратты бірнеше дереккөз арқылы тексеріңіз;
    • күмәнді жағдайға тап болсаңыз, хат алмасу тарихын және ақша аударылғаны туралы түбіртектерді сақтап қойыңыз.

    Есте сақтаңыз: алаяқтар адамдардың сенімін, қорқынышы мен алаңдаушылығын пайдаланады.

    Егер сізден осындай жолмен ақша талап етсе немесе алаяқтардың құрбаны болсаңыз, бұл туралы дереу "102" нөміріне қоңырау шалыңыз.

    "Балаңыз дуаланған": ІІМ қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram